Экономикалық жоғарғы өсім мемлекеттің экономиканы диверсификациялау бағытындағы белсенді жұмыстарының арқасында және Қазақстаннан экспортталатын мұнай мен металға деген сұраныстың жоғары болуы есебінен қамтамасыз етіледі деп болжануда. Бұл туралы Азия даму банкінің аймақтағы экономикалық ағымдар туралы "Азиядағы даму перспективалары" атты жыл сайынғы есебінде айтылған.
К.Хигучидің айтуынша, Қазақстанда экономиканың шикізат саласы, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен қызмет көрсету салалары үлкен қарқынмен дамиды деп болжам айтуға объективті алғышарттар қалыптасқан. Дегенмен, баяндама авторларының пайымдауынша, мұнайгаз секторы - экономикалық өсімнің негізгі қозғалтқыш күші ретінде қала бермек. Азия даму банкінің болжамына сәйкес, алдағы үш жылда брэнт маркалы мұнайдың орташа құны бір баррелі үшін 37-41 доллар деңгейінде сақталады.