Алдағы жылдары дүниежүзінде созылмалы ауру құрбандарының саны артатын болады - Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы

"Қазір бүкіл әлемдегі адамдар жұқпалы аурулардан бұрынғымен салыстырғанда аз өлетін болды. біз дамушы елдерді ВИЧ/СПИД, туберкулез бен безгек секілді жұқпалы аурулармен қатар қоюға үйренгенбіз. Алайда, елдердің көпшілігінде адам өлімінің негізгі себепкері жүрек ауруы мен қан шабу сияқты жұқпалы емес аурулар болып отыр", - деп мәлімдеді Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистика департаментінің директоры Тиес Боерма.

БДСҰ жаңа статистикалық баяндамасында көрсетілген мәліметтер әлемнің 193 елінде жиналған. Онда денсаулық сақтау саласы бойынша 73 көрсеткіш бар.

Баяндамада Батыс Еуропада соңғы 55 жылда орташа өмір сүру ұзақтығы елге байланысты 9 - 15 жылға ұзарғаны айтылған. Ал Шығыс Еуропада бұл көрсеткіш осы уақыт ішінде тек 3 жылға ғана ұзарған.

Баяндамада сондай-ақ, өнеркәсібі дамыған елдерде екіқабат және босану кезінде 100 мың сәбидің 9-ы шетінейтіні, ал дамушы елдерде 100 мың сәбидің 450-і шетінейтіні көрсетілген. Бұл көрсеткіш Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде 100 мыңнан 950.

Баяндама осы аптада Женева қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 61-сессиясына қатысушылардың қарауына ұсынылды.