Алдағы жылдары Қазақстанда бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өтеді - Назарбаев

"Сөз 2009 жылы әлемдік дәстүрлі дін жетекшілерінің үшінші құрылтайы, 2010 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес , 2009 жылы ЕҚЫҰ басқарушы "үштігіндегі" жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету туралы болып отыр",- деп түсіндіріп өтті ол.

"Қазірден бастап ұйымдастыру тұрғысынан да, мазмұн тұрғысынан да айтарлықтай дайындық жұмыстары қажет",- деп санайды президент. "Бұл Сыртқы істер министрлігі мен үкіметтің ғана емес, барлық мемлекеттік басқару органдарының міндеті",- деп атап өтті мемлекет басшысы.