1911 жылы 15 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген Назиб Жиганов кейін Мәскеу консерваториясын бітіріп, Татарстан композиторлар одағын басқарды, Қазан консерваториясының ректоры болды. Көптеген классикалық туындылар жазған ол КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1921 жылы Жәнібек ауданында өмір есігін ашқан Қапан Мусин де - көптеген симфониялық шығармалардың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазіргі кезде Орал қаласының бір көшесі Қ.Мусиннің есімімен аталады.
Шара барысында қос композитордың туындылары орындалып, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.