«2014 жылы біз Қашағанда 8 млн. тоннаға жуық мұнай өндіріледі деп күтудеміз», - деді министр.
Айта кетейік, биылғы жылы Қазақстанда жалпы 82 млн. тонна мұнай және конденсат өндіру жоспарлануда. Болжам бойынша 2030 жылға қарай елімізде мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннадан асуы мүмкін.