Алдағы 3 жылда 17 млн гектар жердің құнарлылығы тексеріледі

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

“Қазір топырақ бонитеті туралы өзекті деректері бар жердің жалпы ауданы 59,1 млн га болады. 2026-2028 жылдары шамамен 17 млн га аумақта топырақ бонитетін өткізу жоспарланып отыр”, - дейді Серік Жұманғарин.

Қазір Мәжілісте «Топырақты қорғау туралы» Заң жобасы талқыланып жатыр.

“Осы заң жобасының нәтижелері бойынша әдістеме қайта қаралып, жетілдіріледі”, - деп жазылған жауапта.