Caravan Logo

Алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қазгидромет" болжамы бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген облыстарда жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында күн күркіреп, екпінді жел соғады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

"Елдің оңтүстігінде күндіз +35...+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35...+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз +30...+38 градус, 8 маусымнан бастап +25...+30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз +22...+30-дан +20...+25 градусқа дейін аздап төмендейді", - делінген хабарламада.