Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикаға аптап ыстық болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне де жетеді. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі ауа температурасы +35+38°С, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40+46°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.