Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында жазылған, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылға республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінеді. Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады, делінген заң жобасында.
Зейнетақы мөлшері қандай болады?
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері:
Анықтама: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 143 097 теңге. Оның ішінде 95 491 теңге – ынтымақты бөлігі, 47 606 теңге – базалық бөлігі.
2026 жылы базалық зейнетақының орташа мөлшері 54 082 теңге болады. 2027 жылы ол 4 мың теңгеге өсіп, 58 276 теңгеге, ал 2028 жылы 61 527 теңгеге тең болмақ.
Жоспарға сәйкес, 2026-2028 жылдарды қоса алғанда, ең төменгі базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрауы тиіс. Ең жоғары зейнетақы мөлшері 2026 жылы 118 пайыз, 2027 және 2028 жылдары 120 пайыз болмақ.
Бүгінде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы – 32 360 теңге, ал ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 пайызы – 50 851 теңге.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 миллион 503 мың зейнеткер бар.
Әлеуметтік салаға арналған жалпы бюджет
Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бюджет жыл сайын ұлғайып отырады:
Министрлік қаражаты тағы қайда жұмсалады?
2026 жылы әлеуметтік төлемдер таратылғаннан кейін министрлікте шамамен 51 миллиард теңге қалады. Бұл қаражат келесі бағыттарға жұмсалмақ:
Қалған 5 миллиард теңге есту қабілеті бұзылған балаларды бейімдеуге, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік ұйымдардың күрделі шығындарына және басқа да мақсаттарға бағытталатыны айтылған.