Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әнші Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында алаяқтарға алданып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Әнші енді ғана телефонға қолы жеткенін айтып, өзі үшін уайымдап, қолдау көрсетіп, тілекші болып жатқан жұртқа алғысын білдірді.
Loading...
Ол тергеудің әділ өтуіне өзі де көмек беріп жатқанын атап өтті.
"Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым, ағайын. Баршаңызға жақсылық тілеймін, барлығы әділ өтеді деген сенімдемін", - деп түйіндеді әнші.