Оны түсірген Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің жас түлектері Бекайдар Шалдарбеков пен Александр Востриков. Фильмде басты кейіпкерді Дәурен Серғазин сомдайды. Ал негізгі өзге кейіпкерлерді КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР Еңбегі сіңген артисі Қадырбек Демесінов, Болат Әбділманов, Омар Қайқымов, Мұрат Нұрасылов және тағы басқа да өнер майталмандары мен театр-кино саласының талантты жас актерлері ойнайды.