Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айтуынша, Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованы бір жыл бойы "өлтіріп келген".
"Мысықтың тышқанды не себепті бірден өлтірмейтінін білесіз бе? Себебі, ойнайтын ойыншық керек. Тек осылай тышқанмен ойнаған сәтте ғана, олар өздерін "арыстан", аңшы сезініп, өзіне деген сенімін арттырады. "Биш" Салтанатты 8 сағат бойы өлтірген жоқ, ол оны бір жыл бойы өлтіріп келді. Тек соңғы 8 сағат оның алдын-ала жоспарлаған ісі болған. Осылайша ол бір жыл бойы оны өлтіріп келген, әдейі, өз мақсатына жету үшін. Мысалы, ресми түрде некелерін қимады, себебі Салтанат өзін өзгелерден кем, қорғалмағандығын сезіндіру үшін. Заңды некеге шын мәнісінде отырғысы келсе, отыратын еді. Барлық туған-туысы мен құрбыларынан алыстатты. Себебі, бақытты болады деп қорықты... Осындай өмірде өмір сүріп көріңізші" деген жазба қалдырды ол, өзінің Stories бөлігінде.
Сондай-ақ ол соттың сағызша созылуында Бишімбаевтар тарапының тактикасы деп есептеген. Самал Нүкенованы алдағы сот отырыстарына қатысатынын да жасырмаған.
Айта кетейік, Астанада Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бұрынғы экс шенеунік өзінің ресми некеде болмаған әйелі - Cалтанат Нүкенованы аяусыз өлтірді деп айыпталып отыр.