"Алдын ала болжам бойынша, Ақтөбе облысындағы 15 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасына кінәлі көлікті мас күйінде жүргізген "Жигулидің" жүргізушісі болып отыр",- деп хабарлады департаменттегілер. Сонымен қатар, жүргізуші көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап жүрген.
Бұрын хабарлағанымыздай, жол апаты сенбі күні кешке Ақтөбе - Астрахань тас жолының 98-ші шақырымында болған. "ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Ақтөбе - Шұбарқұдық бағытында кетіп бара жатқан "ГАЗель" жүргізушілер көлігімен соғылған",- деді баспасөз қызметіндегілер. Апат салдарынан "ГАЗель" жолдың шетіне аунап, өртеніп кеткен. Микроавтобустағы 18 адамның 15-і, соның ішінде бір емшектегі бала оқиға болған жерде қайтыс болған. Тағы бес адам әртүрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті