Алдын-ала есеп бойынша, РС-20 зымыранының құлауы салдарынан келген шығын көлемі 41 млрд. теңгені құрады



Отырыс барысында облыс әкімі Икрам Адырбековтың хабарлағанындай, "еліміздің үш ғылыми-зерттеу институтымен уағдаластық жасалды. Олар бір жыл бойы адамдардың денсаулығында байқалған ақауларды бақылап, қоршаған ортаға мониторинг жүргізетін болады".

"Алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі 40 млрд. 718 млн. теңгеге бағаланып отыр",- делінді депуттардың отырысында.

Сессия қорытындысы бойынша ел басшылығына зымырандарды ұшыруда гептилді пайдалануға мораторий жариялау жөнінде өтініш хат жолдауға шешім қабылданды.