Алдын-ала мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанның тікұшағы апатқа ұшырауға гидрожүйенің істен шығуы себеп болған - төтенше жағдайлар министрлігі

"Қазір тікұшақтың құлау дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Апаттың шығуына гидрожүйенің істен шығуы себеп болған",- дейді ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше 14 сағат 55 минутта Қақпақ шекара заставасының жанында, Қазақстан аумағында Өзбекстанның МИ-24Р тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақтың ұшқышы қаза тапқан.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен қаза тапқан ұшқыштың мәйіті Өзбекстан жағына табысталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті