Соңғы ақпаратқа сәйкес, Өзбекстан ұлттық әуе компаниясының апатқа ұшыраған Як-40 ұшағы қонуға бет алған сәтте Ташкент әуежайының аумағындағы бетон қоршаумен соқтығысып қалған. Соның салдарынан ұшақ жарылып кетті. Апаттан 32 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі опат болды.
Ұшақ Термез-Ташкент бағытынан оралған болатын. Апатқа ұшыраған Як-40 ұшағының бортындағы жолаушылардың арасында екі шетел азаматы, атап айтсақ, БҰҰ миссиясының осы елдегі өкілдері болған.