Александр Судьин сенаттың вице-спикері болып сайланды

"Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес сенат төрағасының екі орынбасары болады... Мен депутат Александр Сергеевич Судьиннің кандидатурасын ұсынамын",- деп мәлім етті жалпы отырыста сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл шешімге отырысқа қатысып отырған 42 депутаттың 42-сі дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес сенат құрамы 39-дан 47 мүшеге дейін өскен болатын. Ол тағайындалатын сенаторлардың президенттік квотасының 7-ден 15-ке дейін өсуі есебінен болып отыр. Жуырда елбасы сенаттың сегіз депутатын, соның ішінде бұрын президент әкімшілігінің мамандармен жұмыс бөлімін басқарған Александр Судьинді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.