Алексей Цой Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚазАқпаратқа министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алексей Цой  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды",- деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Белгілі болғандай, Алексей Владимирович Цой өткен жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен аталған министрліктің вице-министрі болып тағайындалды.

Ал Серікбол Мусинов Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметінен босатылды.