Caravan Logo

Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ

Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі кезде төтенше жағдай режимі елімізде қарастырылып отырған жоқ. Заңнамаға сәйкес, аталған жағдайды Мемлекет басшысы енгізеді және мемлекеттік комиссияда тиісті шешім қабылданады», - деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол қандай кезде төтенше жағдай енгізілетінін еске салды. Бұл тұрғыда оны енгізу талабында күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен ауруханалардағы орындардың жүктемесі 70 пайыздан асқан кезде ескеріледі.


«Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда қатаң шектеу іс-шаралары үшін тиісті шешім енгізіледі», - деді министр.