Алексей Полторанин азаматтығын ауыстыруы мүмкін

Себебі спортшы мен Ұлттық шаңғы спорты федерациясы арасында түсініспеушіліктер тууда. Бұл жөнінде шаңғышының өзі тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді. Әсіресе, бас бапкер Александр Биткиннің жұмыс барысын қатты сынға алған. Сондай-ақ елдегі шаңғышыларға жасалатын жағдайтың тым төмен екенін айтады. Тіпті, қажетті құрал-саймандардың саны мен сапасын былай қойғанда, медициналық көмектің өзі мардымсыз дейді.


Айта кетейік, қазақстандық Алексей Полторанин 3 қысқы олимпиадаға қатысты. Сонымен қатар әлем чемпионаттары мен кубоктарынан жүлделі оралып жүр.