Әлем бойынша 2007 жылы 86 журналист өлтірілді

Әлемде соңғы бес жылда журналистерді өлтіру деректері 244% ұлғайды.

Баяндамада келтірілгеніндей, журналистер өлімдерінің басым көпшілігі былтыр Иракта тіркелді. Онда 47 журналист қаза болды, оның біреуі - ресейлік репортер.

Баяндамада айтылғанындай, журналистерді ұрлау жағдайлары да жиі кездеседі. Былтыр 67 журналист ұшты-күйлі жоқ болды. Олардың басым бөлігі Ирак пен Ауғаныстанда ұрланды.

Баяндаманың материалдары бойынша, әлем бойынша 2007 жылы 887 журналист қапасқа тоғытылып, оның 135 түрмеге отырғызылды. "Репортеры без границ" ұйымы соңғы төрт жылда басқа елдермен салыстырғанда Кытай мен Куба журналистерді түрмеге отырғызу жағынан алдыңғы қатарда деген ақпарат жариялады. Қытайда былтыр 33, ал Кубада-24 журналист түрмеге қамалды.