Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдар COVID-19-дың 10,4 мың үлгісін зерттеуге алып, оларды топтастыра бастаған. Зерттеудің бұл әдісі барлық генетикалық мәліметті санап, коронавирустың түрлерін анықтауға бағытталған екен.
Осылайша, америкалық зерттеушілер коронавирустың бірнеше түрі бар екенін анықтап отыр. Олардың айтуынша, АҚШ-та СС256 және CC258 вирустары кеңінен таралса, Еуропада
СС70 және CC225 коронавирус түрлері тараған. Ал Оңтүстік Америкада CC300 вирусы тарап жатыр екен.