Әлем бойынша жердің 35% ауыл шаруашылық қызметі салдарынан бүлінген -ЮНЕСКО баяндамасы

ЮНЕСКО баяндамасы бойынша соңғы 50 жылда ауыл шаруашылық өндірісі айтарлықтай ұлғайтылды. Алайда оның қолданылған тәсілдері кіші- гірім шаруаларға ғана кесірін тигізіп қана қоймай, қоршаған ортаға зиян келтірді.

ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылық қызметінен түсетін табыстар тең бөлінбейді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласындағы ілгерушілік қоршаған ортаға кері әсерін тигізді. Осыған қарап, сарапшылар мемлекеттерге ауыл шаруашылық қызметінде агроэкологиялық тәсілдерді пайдалану жағына көбірек көңіл бөлуге шақырды. Олар дәстүрлі шаруашылық тәсілдері мен табиғи тыңайтқыштарды пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, жай шаруалардың тұтынушыларға тікелей өнімдерді жеткізуге мүмкіндік жасау қажеттігін айтты.

Баяндамада биоотынды пайдаланудан туындап отырған мәселелер қарастырылып, өнімдердің генетикалық модификациялануы мен дәстүрлі өндіріс тәсілдері, сондай-ақ ауа- райы өзгерістерінің салдары сияқты мәселелер талқыланды.

ЮНЕСКО атап өткеніндей, бұл мәселелерді тез арада шешу керек. Өткен жылдың наурыз айынан бастап соя мен бидай құны 87% және 130% көтерілді, ал әлем бойынша бидай қорының көлемі төмен болып отыр.

Сарапшылардың болжамдары бойынша Қытай мен Үндістанда күріш биоотын ретінде пайдаланылатындықтан күріш, бидай, жүгерінің бағасы көтеріле береді. Қазірдің өзінде әлем бойынша жердің 35 пайызы ауыл шаруашылық қызметі салдарынан бүлінген.

Құжатта көрсетілгеніндей Солтүстік Америка мен Еуропада ауыл шаруашылық саласы бойынша ғылыми жұмыстар саны ұлғайды. Олардың басым көпшілігін жеке қорлар қаржыландырған. Соның нәтижесінде ірі ұлттық корпорациялар ауыл шаруашылық ғылымы мен оның бағыттарының дамуына үлкен назар аударып отыр.