Швецияның Мальма қаласында өткен ойынның алғашқы кезеңінде қарсыластар бізге бір гол салса, екінші таймның соңғы минуттарында қақпашымыздан айласын асырып, екінші допты торда тағы тулатты. Есеп 0:2. Бұл матчта қазақстандық футболшылардың белсенділігі байқалмады. Олардың есе қайтаруға бірнеше мүмкіндіктері де болды. Бірақ сәтті пайдалана алмады.
Айта кетейік, бұған дейін Ирландия командасымен кездескен Қазақстан футболшылары 1:2 есебімен ұтылған болатын.