Әлем чемпионаты: Қазақстанның еркін күрес шеберлері екінші қола медальға қол жеткізді


Турнирде 54 келі салмақ дәрежесінде Канаданың балуаны Диллан Уилямспен кездескен жерлесіміз Бауыржан Төребек жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап ұпай жинаумен болды. Осыдан кейін қарсыласын «тушеге» салып, чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды. Қазақстанның қоржынында - екінші қола медаль. Ал бұған дейін 42 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтуған Жанжігітов бізге алғашқы жүлдені алып берген болатын. «Шынымды айтсам, бұл жарыс мені көп нәрсеге үйретті. Маған әлі біраз еңбектену керек. Осыдан бастап мен жастар құрамасына ауысып, 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боламын. Ол санатта Владимир Кудрин деген әлем чемпионы бар. Бірақ бәрін дұрыс істесең, жеңілмейтін адам жоқ деп ойлаймын», - дейді Әлем чемпионатының қола жүлдегері, кадет А.Жанжігітов.