Әлем Чемпионаты: Теміртас Жүсіпов жарты финалға өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Теміртас ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовты жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Жүсіповке берді (5:0).

Финалға шығу үшін қазақстандық боксшы Евгений Кармильчик (Беларусь) - Ган-Эрден Ганхуяг (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Жартылай финалдық жекпе-жек 4 қарашаға жоспарланған.