Әлем чемпионатында ел қоржыны тағы 3 медальмен толықты

Оған елімізден екі спортшы қатысқан болатын. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орынға табан тіресе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал екінші серпе көтеру сайысында Жазира 140 келі, Майя 135 келі көтерді. Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира Жаппарқұл әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя Манеза үздік ондыққа ілікті. Ал 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні бағындырып күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 келі көтеріп, қола медальді иеленді.