Әлем чемпионатында еркін күресшілердің қоржыны бос қайтатын болды


Кеше сондай-ақ, Гузель Манюрова тізгінін ұстаған әйелдер күресінен өз белдесулерін өткізген Зульфия Яхъярова (48 кг) мен Татьяна Аманжол (51 кг) да жүлдеден тыс қалды. Бүгін енді Айжан Исмағұлова (55 кг), Джулия Сатымбекова (59 кг) және Екатерина Ларионова (63 кг) бақ сынайды. Ал ертең Эльмира Сыздықова (67 кг) мен бапкерлікті қатар атқарып жүрген Гузель Манюрова (72 кг) және грек-рим шеберлерінен Нұрсұлтан Қалмырзаев (55 кг) өз белдесулерін өткізеді. Одан кейін сенбіде Алмат Кебіспаев (60 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (84 кг), Ерұлан Ысқақов (96 кг), ал жексенбіде Ербол Қоныратов (66 кг), Асхат Ділмұхамедов (74 кг), Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) елдің үмітін ақтауға тырысады.