Әлем чемпионатының 1/8 финалы қашан және қандай құрамалармен басталып аяқталады?

Сенбі, 28-маусым күні Белу-Оризонтиде Бразилия мен Чили командалары, содан соң Рио-де-Жанейрода Колумбия мен Уругвай құрамалары кездеседі.

Жексенбі, 28-маусымда Форталезеде Голландия мен Мексика, сол күні Ресифиде Коста-Рика – Грекия командалары бақ сынасады.

Дүйсенбі күні Бразилиа қаласында Франция мен Нигерия, содан соң Порту-Алегриде Германия мен Алжир құрамаларының матчы өтеді.


Сейсенбі, 1-шілдеде Сан-Паулуда Аргентина – Швейцария, ал, Салвадорда Бельгия мен АҚШ құрамалары кездеспек.