Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте-ақ жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz порталы  хабарлайды. 

Ол турнирді  81 келіге дейінгі салмақта 1/4 кезеңнен бастады. Онда Иран өкілі Мейсам Гешлагимен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 4: 1 есебімен  Нұрдәулетовтің қарсыласын жеңімпаз деп таныды.

Еске салсақ, 23 жастағы боксшы  2019 жылғы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ кәсіпқой рингте де  өнер көрсетті. Онда ол екі жекпе-жек өткізіп, екі мәрте де жеңіске жетті.  Оның біреуін нокаутпен аяқтады. Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған және Токиода өтетін Олимпиада-2020 ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды.