Әлем елдерінің суретшілері ислам мәдениетін бейнелеген туындыларын көпшілікке ұсынады


«Ислам рухы» атты көрмеге Азия, Африка, Ұлыбритания және Таяу Шығыс елдерінің қылқалам шеберлері қатысады, деп хабарлайды The National. Олар өз туындылары арқылы қасиетті Құран мен қажылықтың мән-маңызын ашып көрсетуге ұмтылады.

Қазан айының екінші аптасында басталып, 18 қазанда аяқталатын көрмедегі басты бағалы туындылар әлемдік даңққа ие ислам әлемінің суретшілері Сиддика Джума (Siddiqa Juma) мен Питер Гульдтің (Peter Gould) өнерлері болмақ. Көрермендер көрме барысында суретшілермен кездесу мүмкіндігіне ие болады.