«Эболаға қарсы он бір» атауын алған науқан аясында батыс Африкада таратылатын фильм түсіріліп, радиобағдарламалар жазылады, сондай-ақ постерлер басылып шығарылады.
Ұйымдастырушылардың ойынша, заманның үздік футболшылары өлімге әкеліп соқтыра алатын аурудың алдын алуға қолдану керек шаралар туралы айтып, көрсететін болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірше Эбола індетін уақытша ауыздықтау мүмкін болып отырғанын айтады, алайда бұл ауру әлі де бүкіл әлемге қауіп төндіруде.