Әлем халқы Астананы дінаралық диалог жөніндегі ғаламдық саммит алаңы деп біледі

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 12-ші отырысы өтіп жатыр.


           «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі алғашқы он жылда дүниежүзі мойындаған, тиімді диалог алаңы ретінде таныта білді», - деді хатшылық жетекшісі, сенат төрағасы Қайрат Мәми.
           Оның айтуынша, бүгінде «халықаралық қоғамдастық ресми Астананы діндер арасында диалог жүргізетін ғаламдық саммит орны ретінде қабылдайды».