"Әлем ханымы" қазақстандықтарға алғысын айтты

Бұл туралы Инстаграмдағы байқау парағында хабарланды, - деп жазды Stan.kz.

Бұған дейін Әбдікәрімованың өзі халықаралық байқауға қатысатынын мәлімдеген. Күні кеше Жұлдыз ханым байқаудың жеңімпазы атанды.

"Бұл тек сыртқы ғана емес, ішкі сұлулықтың, ақыл-ойдың үйлесімін көрсетуге, нәзік рухани әлемді ашуға мүмкіндік беретін жарыс. Іс-шараның басты мақсаты - бүкіл әлемдегі әйелдерге қолдау көрсету. Пандемияға байланысты биыл байқау онлайн режимінде өтеді", - деп жазды Жұлдыз желтоқсанның басында.

Дауыс беру желтоқсанның 1 мен 24 аралығында өтті.


Miss Universe - бұл жыл сайынғы және беделді халықаралық сұлулық байқауы. Оған әлемнің барлық елдерінен 18 мен 55 жас аралығындағы әйелдер қатысады.