Әлем кубогінің қорытынды кезеңінен батысқазақстандық самбошылар табысты оралды

Оған әлемнің түрлі елдерінен 300-дей самбошы қатысты. Бұл әлем кубогінің биылғы алтыншы, яғни қорытынды кезеңі болатын.

Аталмыш бәсекеде самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров 57 келі салмақта жеңімпаз атанса, Азия чемпионы Медет Оңдағанов 52 келіде күміс жүлдені еншіледі.

Бұл олардың Вильнюсте қарашада өтетін әлем біріншілігі алдындағы кезекті «тер алуы» болатын.