«Велотректен әлем кубогының қазақстандық кезеңіне қатысуға өтініш берген спорт делегацияларының жартысы Астанаға келді. Ертең (1 қараша - ҚазТАГ) олар «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ресми түрде дайындық жаттығуларына кіріседі», - делінген дүйсенбі күнгі ақпаратта.
Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Астанада ресми дайындық жаттығулары басталғанда 22 елдің 340 спортшысы мен велоспорт федерацияларының өкілдері болады.
Квалификациялық жарыс 3 қарашада басталады, ашылу рәсімі 4 қарашаға жоспарланған.
Әлем кубогының астаналық кезеңіне қатысуға 22 кәсіпқой тректік команда мен 44 ұлттық құрама өтініш түсірді.