Әлем мұнай мен көмірден бас тартып, жасыл энергияға көшеді

Болашақта ғаламдық жылынудан қашу үшін әлем мұнай мен көмірден бас тартып, жасыл энергияға көшеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Оңғар Қабден пікір білдірді.

Әйтпесе, атасының басына мемлекетті қораға тығып, бәленбай миллиард долларға ЭКСПО жасадық?

Бірақ бізде жасыл энергияға көшуге талпынып жатқан да компаниялар бар. 2024 жылдың 24 қаңтарында "ҚазМұнайГаз" бен итальяндық Eni S.p.A компаниясы Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойған болатын.

Жоба бойынша жел электр станциясын (77 МВт), күн электр станциясы (50 МВт), газ электр станциясын (120 МВт) салмақшы.

"ҚазМұнайГаздың" өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында осы жобаларды іске асырмақшы. Жобаның құны 306 миллион АҚШ доллары. Келесі жылдың соңында жоба толық қуатына қосылады деп есептелінген. Сегіз жүз адамды жұмысқа тарту жоспарланған.

Бұл өз кезегінде қоршаған орта мен экологияға баға жетпес көмек болғалы тұр. Әлем жасыл энергияға көшеміз деп талпынып жатқан да қазақстандық компанияның да осы көштен қалмағаны қуантады.