Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Рождество барлық православтарды ерекше қуанышқа, бақытқа бөлейді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлық көрсетудің уақыты. Барлық дін өкілдерімен бірге православие христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Барлық православтарды Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Түнде басталған мерекеге орай еліміздің барлық шіркеулерінде құлшылық ету рәсімі өтті. Жиналған көпшілік шырақ жағып, бір-біріне сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін білдірді. Православтардың нанымы бойынша нақ осы түні Вифлеем қаласында Иса пайғамбар дүниеге келген. Сол күннен бастап христиандар үшін бұл ең маңызды діни мерекелердің бірі саналады. Ал, күнтізбеде бұл қызыл күн болғандықтан, бүгін елімізде демалыс.
Loading...