Әлемде 1,5 мыңнан астам адам Эбола індетінен көз жұмды

  Бұл туралы бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

«Науқастардың 40 пайыздан астамы індетті соңғы үш аптада жұқтырған», - делінген құжатта.

Жалпы, Эбола індетін 3062 адам жұқтырыпты.


Вирус Сьерра-Леоне, Либерия, Гвинея мен Нигерияда белең алып отыр.