Әлемде бірнеше адам ғана оқи алатын арабша құжат қалыпқа келтірілді

Бір қызығы, онда жазылған сириялық арамей тілінің әріптерін танып, оқитын адамдар саны бүкіл әлем бойынша саусақпен ғана санарлық екен.  Бұл құжат азамат соғысы шарпыған Сирия жерінде тоналған жоғары мәдени мұрағаттың сарқыншағы, деп атап көрсетті espanarusa.com. Ал бұл кодекстің қалай қолына тигендігіне тоқталған ғалым «қолжазбаны бір танысынан алғандығын, бірақ ол танысқа құжат жетем дегенше де бірнеше қолдан өткендігін» айтты.

Ғалым қырғын соғысқа тап келген Сирия мен Ирак жеріндегі жағдайды пайдаланған тонаушылар баға жеткізсіз құнды тарихи жәдігерлерді тиынға сатып алып, сыртқа шығарып, өте қымбатқа өткізіп жатқандығына қынжылады.  Хуан Педро Монферре  өзі аударған араб тіліндегі мәтінді мұражайға қойып, адамзат игілігіне жаратуды сұрады.