Британиялыққа жаңа әдіспен ем жүргізілген. Ол дененің барлық мүшесіндегі вирусты өлтіретін терапиядан өткен. Артынша анализдері оң нәтиже көрсеткен. Бір қызығы, мұндай терапия 10 адамға жасалса да, ішінен тек бір адамға әсер еткен.
Қазіргі таңда ағзадағы АИТВ-ның белсенділігін анықтайтын арнайы аппарат бар. Бірақ ол емдемейді, тек ауру деңгейін анықтайды. Ғалымдар терапияны әзірге сынамадан өткізіп жатқандықтарын айтады.