Әлемде гинекологиялық обыр дерті өршіп барады

Деректерге сүйенетін болсақ, 2018 жылы бүкіл әлем бойынша 1,3 млн әйел гинекологиялық обыр ауруына шалдықты. Оның ішінде 44% жуығында жатыр мойны обыры, 23% - аналық без қатерлі ісігі, 29% - эндометрия обыры және тағы 5% - да басқа да оқшаулау табылды.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша гинекологиялық қатерлі ісіктен 468 000 әйел қайтыс болды. Осы жағдайдың 67%-ын жатыр мойны обыры (ЖМО) құрады.

«Бұл гинекологиялық қатерлі ісік туралы әйелдердің әлі де айтарлықтай көп білмейтінін білдіреді», - дейді мамандар.

Айта кетейік, 20 қыркүйек гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар ету Халықаралық Күні болып белгіленді. Халықаралық қатерлі ісікпен күрес жөніндегі ESGO және ENGAGE ұйымдары әлемнің 20-дан астам еліндегі әйелдерді гинекологиялық қатерлі ісікпен ауырмайтын әлем GODay - мен бірлескен іс-қимыл бастап бірлесе жұмыс істеуге шақырады.