Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 112 миллионнан асты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 112 млн 073 мың 782 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 483 мың 456 науқас.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.