Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«27 наурыз таңындағы жағдай бойынша, әлемде инфекцияға 534 506 адам шалдықты. Бір тәулік ішінде олардың саны 59 419 көбейді. 24 187 адам қайтыс болды, бір тәулік ішінде – 2787. Жазылып шыққандар саны 119 951, бір тәулік ішінде – 9293», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінде.
Коронавирус: Алматыда тағы 7 адамнан анықталды
Айта кетейік, 27 наурыз, сағат 07.50-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда індетке 120 адам шалдықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 47, Қарағанды облысында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам.