Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 6 миллионнан асты

Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті жобасының мәліметтері дәлелдейді, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Университет мәліметтеріне сәйкес, әлемде COVID-19 6 057 553 адамнан анықталған, 369 106 пациент инфекцияның құрбаны болды, тағы 2 564 544 адам сауығып шықты.

ме

Вирус ең көп тараған елдердің тізімі мымнандай:

АҚШ - 1 769 776 жұқтырған, 103 768 адам қайтыс болды,

Бразилия - 498 440 жұқтырған, 28 834 қайтыс болды,

Ресей - 396 575 жұқтырған, 4555 қайтыс болды,

Ұлыбритания - 274 219 жұқтырды, 38 458 қайтыс болды,

Испания - 239 228 жұқтырған, 27 125 қайтыс болды,


Италия - 232 664 жұқтырған, 33 340 қайтыс болды,

Франция - 188 752 жұқтырған, 28 774 қайтыс болды,

Германия - 183 189 жұқтырды, 8530 қайтыс болды,

Үндістан - 181 827 жұқтырған, 5185 қайтыс болды,

Түркия - 163 103 жұқтырған, 4515 қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус бойынша басқа статистиканы келтіреді. ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, COVID-19 жұқтыру жағдайлары әлемде 5 819 962-ге жетті, 362 786 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде әлемде 108 220 адам инфекция жұқтырған.

Ал Қазақстанда барлығы 10 858 адам коронавируспен тіркелген. 5220 адам сауығып, 38 науқас қайтыс болды.