Әлемде коронавируспен ауырғандар саны 171 миллионнан асты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 171 млн 521 мың 036 адамнан анықталды. Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 687 мың 575 науқасты құрады.

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.