Әлемде коронавирустан бір миллионнан аса адам көз жұмған


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай ақпарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады. Халықарлық сарапшылар қазір дерт, әсіресе, Тынық мұхитының батыс бөлігі мен Жерорта теңізінің шығысындағы елдерде және Африка құрлығында таралып жатқанын айтады. Көп жағдайда науқастардан омикрон анықталып отыр. Соңғы бір аптада кеселді 5 миллионнан аса адам жұқтырыпты.