Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 6,9 миллионға жетті. Олардың 3,3 миллины жазылып шықты. Соңғы екі күнде коронавирус орташа есеппен 130 мың адамнан анықталды.
«Қазіргі таңда ауырып жатқандар саны - 3,1 млн. Олардың 98 пайызында ауру жеңіл формада өтіп жатыр. Ал 53 мыңнан астам адамның жағдайы ауыр. Коронавирус жұқтырғандар саны мен қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр - 1,9 млн адам жұқтырып, 112 мыңға жуық адам қайтыс болды», - дейді деректер.
Ауру жұқтырғандар саны бойынша 652 мыңға жуық адаммен екінші орында тұрған Бразилия қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша үшінші орынға жайғасқан. Қайтыс болғандар саны бойынша екінші орында Ұлыбритания тұр (40 мыңнан астам адам қайтыс болды). Үшінші орында тұрған Ресейде 458 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Мұнда 6 мыңға жуық адам қаза тапты.