Бұл туралы Женевадағы брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Гебрейюс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
Тедрос Гебрейюс аурудың алғашқы кезеңдерінде Еуропа көшбасшы болғанын атап өтті. Енді жаңа жағдайлардың 60 пайызға жуығы Америка құрлығындағы елдерге, ал Еуропаға тек 40 пайызы тиесілі.
«Біз Еуропада індеттің әлсіреп бара жатқанын байқап отырмыз. Денсаулық сақтау саласындағы тиімді шаралардың үйлесуі, адамдардың іс-әрекетінің өзгеруі және вакцинация инфекцияның алдын алуға мүмкіндік беріп жатыр», – деді ДДҰ басшысы.
Маймыл шешегіне қарсы вакцинацияға келетін болсақ, қазіргі уақытта ДДҰ олардың тиімділігін зерттеп жатыр. Бұл туралы ДДҰ-ның иммундау департаментінің директоры Кейт О'Брайен баспасөз мәслихатында айтты.