Әлемде мұнай бағасы тағы төмендеп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Не болды?

Бағаның құлдырауына АҚШ Қаржы министрлігінің Иран мұнайын өндіруге, сатуға және тасымалдауға, сондай-ақ соған байланысты мәмілелерге, соның ішінде сақтандыруға рұқсат беру туралы шешімі себеп болды. 21 тамызға дейін жарамды лицензия Ираннан АҚШ-қа мұнай жеткізуге және доллармен есеп айырысуға, соның ішінде санкцияға ілінген тұлғалардың қатысуымен операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Мұнай бағасының жағдайы қандай?

Астана уақытымен сағат 10:13-тегі сауда мәліметтеріне сәйкес, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 3,74 пайызға арзандап, барреліне 77,55 долларды құрады.

Жарнама

sharmax.com

WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 3,89 пайызға төмендеп, барреліне 73,58 долларға жетті.

Нарық неліктен бұлай өзгерді?

Сарапшылар бұған дейін Иран мұнайына салынған санкциялардың уақытша алынып тасталуы әлемдік нарықта шикізат ұсынысын арттыратынын және Ормуз бұғазының ашылуымен бірге әлемдік котировкалардың төмендеуіне әкелетінін бірнеше рет болжаған болатын. 28 ақпанда әскери қимылдар басталғаннан кейін мұнай бағасы күрт өсті, ал Тегеранның соғысқа дейін әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы тасымалданған бұғазды жауып тастауы ауқымды отын дағдарысына әкеліп, әсіресе бұғазға тәуелді араб өндіруші елдеріне қатты соққы болды.

Мұнай бағасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жай-күйіне және теңге бағамына әсер ететінін атап өткен болатын. Баға көтерілгенде әсері оң болады және керісінше.

Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққыларға осал етеді.

Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдарлар негізінде есептеледі.